Біздің команда – протокол, PR, коммуникацияны басқару саласындағы жетекші мамандар. Біздің қызметкерлер ірі халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және оларды өткізуге, сонымен қатар ұлттық компаниялар мен жобаларды халықаралық аренада ілгерілетуге қатысты. Технологияларды кәсіби түсіну, қоғаммен байланыс орнату, түрлі жобаларды жүзеге асырудағы бай тәжірибе біздің Агенттікке жоғары деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыруда бірегей көзқарас пен жоғары технологиялық тәсілдемені қалыптастыруға көмектесті.
«HBTV» компаниясы – әр түрлі бағыттағы іс-шараларды, оның ішінде ең жоғары деңгейдегі іс-шараларды дайындау және өткізу саласындағы кез-келген күрделілік мәселелерін сенімді түрде шеше алатын жарқын шығармашылық кәсіпқойлардың ұйымшыл командасы. Іс-шараның жоғары дәрежеде ұйымдастырылуы – біздің күнделікті жұмысымыздың стандартты деңгейі.
«HBTV» компаниясы іскерлік және мәдениетаралық коммуникацияны дамыту саласында маманданған. Біз компаниялар мен жеке тұлғалардың беделін олардың іскерлік мүдделері тұрғысынан құруға көмектесеміз. Имиджді қалыптастыру және басқару ішкі нарықта ғана емес, сонымен қатар халықаралық аренада да тиімді алға жылжуға ықпал етеді. Ұзақ жылдар бойы Агенттік тек Қазақстанда ғана емес, көршілес елдердегі клиенттер арасында да мінсіз беделге ие болды.
«HBTV» компаниясы әртүрлі сипаттағы іс-шараларды кешенді ұйымдастыруға мамандандырылған: имидждік іс-шаралар, корпоративтік және қалалық ауқымдағы мерекелер, ел мен аймақтың жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен өтетін хаттамалық іс-шаралар, ашылу рәсімдері, қабылдаулар мен тұсаукесерлер, көшпелі іс-шаралар.
БІЗ СЕРІКТЕСТІК ҮШІН АШЫҚПЫЗ ЖӘНЕ ЕКІ ТАРАП ҮШІН ТИІМДІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ИКЕМДІ ШАРТТАРЫН ҰСЫНАМЫЗ. WIN-WIN ҚАҒИДАТЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ЖАСАЙ ОТЫРЫП, БІЗ ӘРҚАШАН ДА БІР СӘТТІК ПАЙДА ТУРАЛЫ ЕМЕС, ОДАН ӘРІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ ОЙЛАЙМЫЗ.
БІЗБЕН БАЙЛАНЫСУБізге жазыңыз, біздің менеджерлер сізбен байланысады!